2 қыркүйекте 20-15-те көп пәтерлі үйдің 3-ші қабатындағы терезеден баланың құлауы туралы ақпарат келіп түсті.
Жазатайым оқиға Абай ауданының Жаңаталап кентіндегі Фабричная көшесіндегі 5 қабатты үйде орын алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 2018 жылы туған бала ата-анасының қарауынсыз қалып, 3-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бала қалалық балалар ауруханасына «сол жақта жамбас сүйегінің жабық сынуы, орны ауысуы. Сол жақтағы төменгі аяқтың сүйектерінің жабық сынуы» диагнозымен жатқызылды. Жағдайы орташа.
Жыл басынан бері Шымкент қаласының аумағында балалардың терезеден құлауымен 4 жағдай тіркелді.
Құрметті қала тұрғындары! Құрметті ата-аналар! Жас балдарға абай болыңыздар! Мына қарапайым қағидаларды еске сақтаңыздар!
— Үйде бала болса, терезені ашық ұстамаңыздар!
— Москит торларын пайдаланбаңыз –балалар оларға сүйеніп, онымен бірге сыртқы құлап түседі!
— Ешқашан баланы қараусыз қалдырмаңыз!
— Терезелерге арнайы бекітпелерді орнатыңыз!
— Терезенің алдынан барлық жиһаздарды алып тастаңыз!