Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Шымкентке тартылған инвестициялар бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы басқарма төрағасы Бауыржан Канкин айтты. Журналистермен кездесуде ол тартылған инвестиция сомасы 400 млн теңгеден асқанын түсіндірді. Сонымен қатар ол 25 млрд теңгеге 13 инвестициялық жоба мектеп құрылысына тартылғанын атап өтті.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация қызметіне мемлекет субсидия бермейді. Басқарма төрағасы Бауыржан Канкин мәлімдеме жасап, атқарған жұмысы туралы есеп берді. Сондай-ақ, ол компания инвестициялық жобалардың саны бойынша көш бастап тұрғанын алға тартты.

Бауыржан Канкин , «Shymkent» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы: «Әрбір ӘӘК өзіндік бір өңірлік институтқа айналуы тиіс. Оның еліміздегі тиісті өңірлердегі мемлекеттік активтерді басқаратын холдинг компаниясы ретінде жұмыс істеуі мүмкін.  Содан кейінгі кезеңде басқару тәжірибесін жинақтауы ӘӘК-ның капиталдану деңгейінің артуына қарай, олардың өңірлік және халықаралық рынокка шығуымен қоса жауапкершілік аясын кеңейту артындағы әңгімені қозғауға болады».

Канкин, бизнеске қажетті жерді ұзақ мерзімде жалға алу үшін инвесторлардан алатын керемет табыстары туралы сұраққа «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация заң аясында жұмыс жасайды» – деп жауап берді. Бұл арзан емес, қымбат сатуға деген ұмтылыс та емес, нарықтық бағалар! Кадастрлық құны бойынша жер тек өндірістік аймақтарға беріледі.

Бауыржан Канкин, Shymkent» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы: «Қазақстанда жер учаскесі жер кодексінің 48 бабына сәйкес Жер учаскесін беру мемлекеттік жеке меншік әріптестік арқылы заттай санында, инвест келісімшарт, аукцион, СЭС, жекеменшік және СПК арқылы жүргізіледі. СПК тетіктердің бірі болып табылады және монополизм болып табылмайды».

Тапқан ақшаны қандай жобаларға жұмсауды корпорация өздері шешеді. Дегенмен олар келісімді әлеуметтік жобаларды дамытуды бағыттауға уәде береді

Ерлан Қаттабеков,» Shymkent» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары: «Бұл тек қана бастамасы. Келесі жылы инвестиция көлемі одан да көп артатын болады. Қазіргі таңда құрылысты айтатын болсақ 495 млрд жалпы соммасы, жалпы қуаты 1 млн 793 мың шаршы метр құрылыс енгізілейін деп жатыр. Ол 25 жоба жалпы айтқанда».

Көпқабатты үйлер салу мәселесі де назардан тыс қалмады. Бір жыл ішінде, корпорация басшысының айтуынша, 35 мың отбасы жаңа қоныс иелері атанады. Жаңа баспаналар шымкенттіктерді шын мәнінде қуантады және олар кемшіліктер үшін жауаптыларды іздеуге мәжбүр болмайды деп үміттенеміз.

                                                                                                  Әлихан Файзханов