Әр дәуірдің тарихи жазбасы бар. Бірі деректерде, бірі жазбаларда, енді бірі көне суреттерде. Шымкент қаласының 2200 жылдық тарихы бар. Кеше мен бүгінді салыстыратын болсақ фотография саласының өзіндік орны бар.
Алик Розметов, фототілші: «30 жыл бойы сурет түсіріп жүрмін. Бізге сіңіп кеткен ғой, сурет түсіру. Менің көрмем газет беті болды. Оригинал суреттерім газет беттерінен ойып тұрып орын алды»