ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында фармацевтика өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлуді айтып, отандық дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтың үлесін бүгінгі 17 пайыздан 50 пайызға жеткізу межесін белгіледі.

Бұл бағытта Шымкент қаласындағы отандық дәрі-дәрмектердің ірі өндірушісі болып табылатын «Химфарм» зауыты жақсы дамып келе жатыр. Бүгінде кәсіпорын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде «Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС сатып алатын дәрілік заттардың жалпы көлемінің үштен бірін өндіреді.

Компания өнімдерін Ресей, Украина, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан сынды 7 елдің нарықтарына экспорттайды және ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Шынар Оразова