Тағы бір әскери қайтыс болды

137

Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыс кезінде ауыр халде ауруханаға жеткізілген әскери қайтыс болды.

Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда өртті сөндіру кезінде алған жарақаттарының салдарынанқайтыс болған Ерлан Қырғызалиев, 28349 әскери бөлімінде қызметте болған.

1983 жылы туған, капитан Ерлан Рысқұлбекұлы оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған.

Жарылыс салдарынан қатты жарақаттанған ол, орын алған оқиғаның кезіндеөртті сөндіруге тырысқан алғашқылардың бірі еді.

Малика Қанжарбекқызы