Төлебилік шаруа зауытқа тәулігіне бір тонна сүт өткізеді

39

Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округі Сарқырама елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Есімхан Дауытбеков мал шаруашылығын дамытуды қолға алған. Қожалық иесі сүтті бағыттағы сиырларды Ақтөбе қаласынан арнайы алдырып, бүгінде төл басын көбейтіп отыр.

Айтуынша, кәсіпкер асыл тұқымды сиырларды 2019 жылдан бері бағып келеді. Күніне әр сиырдан 45 литрге дейін сүт алатынын айтқан ол тәулік бойы жиналған сүтті зауытқа өткізетінін жеткізді. Айта кетейік, кәсіпкер бүгінде ауылдың екі тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.

Жанерке Хумар