фото tuapsevesti.ru

Қазақстан бойыша вакцинаның екі компонентін де салдырғандар саны 6 019 027 адамға жетті. Ал 1-ші компонентін 7 194 860 адам салдырды. Оның 470 720-ы Шымкенттік тұрғындар. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 394 235 тұрғыны алды.

Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 820 527, II компонентін 638 036 адам салдырған. Сондай-ақ өткен тәулікте 3 343 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 122-і Шымкентте, 45-і Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 4 548-ге жетіп отыр. Оның 47-і үшінші мегаполис тұрғындары болса, Түркістан облысынан 81 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында.

16 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 74 492 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 13 853 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 60 639-ы амбулаториялық деңгейде емделуде.

Сала жауаптыларының айтуынша, 1 105 адамның жағдайы ауыр, ал 321 пациенттің халі өте ауыр деңгейде. 194 науқас өкпені жасанды тыныс беру аппаратына қосылған. Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына тоқталсақ, «жасыл» аймақта Түркістан облысы, сары белдеуде Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстары тұр. Ал қалған өңірлердің барлығы «қызыл» белдеуде.

Мөлдір Ибадуллаева