Түркістаннан Талдықорғанға ұшақ қатынайды

78

Түркістан халықаралық әуежайы «Түркістан-Талдықорған» әуе бағытымен толықты.

Қазіргі таңда әуежайдан 15 бағытта рейстер қатынай бастады. Ал, «Түркістан-Талдықорған» әуе бағытының билет құны – 8000 теңгеден басталады.

Бүгінде әуежайдан халықаралық және ішкі бағыттар бойынша әуе рейстері орындалуда. Ұшу уақыттары мен билет құны туралы ақпаратты Түркістан халықаралық әуежайынан, әуекомпаниялардың ресми сайттарынан және басқа да қосымшалардан білуге болады.

Әлихан Файзханов