Түркістанның орман шаруашылығын дамытуға Өзбекстан ғалымдары атсалысады

71

Түркістан облысының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы арасында орман шаруашылығын дамыту, бірлесе өркендету бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Орман шаруашылығы саласындағы өңірдің жетістіктерімен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында келген Өзбекстан Республикасы мен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі басшылығының делегациясы Түркістан өңірінде атқарылған жұмыстармен танысып, оң баға берді. Жергілікті экологияны жақсарту жолында атқарылып жатқан жұмыстар мен «Жасыл белдеу» жобасын жоғары бағалады.

Тараптар Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында көрсетілген экологиялық ахуалды жақсарту үшін мемлекеттік орман қоры жерлерінде 2 млрд. әр түрлі ағаш көшеттерін отырғызу туралы тапсырмасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Кешенді жоспар аясында Түркістан облысы бойынша 5 жылда 110 мыңнан астам гектар жерге 170 млн. ағаш көшеттерін отырғызу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Бекітілген кешенді жоспарды жүзеге асыру мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінің орман тұқымбақтарында 50-ден аса ағаш-бұта түрлерінің көшеттері өсірілуде.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен 2019 жылы Түркістан қаласының айналасынан 7700 гектар жерге «Жасыл белдеу» құрылып, 12 миллионға жуық жапырақты ағаш көшеттері егілген. Бүгінде оның аумағы екі есе ұлғайған. 2025 жылға дейін шаһардың жасыл белдеуін 20 мың гектарға ұлғайту көзделген. Осылайша 5-6 жыл көлемінде күтіп-баптау жұмыстары арқылы бұл аумақ орман алқабына айналады.
«Табиғи жағдайларды есепке алу керек. Егілген көшеттің 100 пайызы көгеріп, көктегені болған емес, ол мүмкін емес те. Ғылыми дәлелденген дүние бар. Оған сәйкес, отырғызылған ағаштың 50-55 % жерсінсе, жақсы. Бұл жақсы көрсеткіш. Оған жету үшін де тынымсыз еңбек керек.

Жанерке Хумар