Вакцинациялау жұмыстарын жүргізуде заңсыз фактілердің алдын алу

39

 

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасында вакцинациялау жұмыстарын жүргізуде заңсыз фактілерді алдын алу бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиынға қатысқан қалалық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері медициналық ұйым басшыларына жалған вакцинация паспортын жасағандарды заңды жауапкершілікке тарту мен оның зардабы туралы кеңінен түсіндіріп берді.

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, жалған вакцинация паспортын қолданатындар үшін жаза қарастырылған. Нақтырақ айтқанда, ҚР ҚК-нің 385-бабымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін 2000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және жалған егу паспортын пайдаланғаны үшін 160 АЕК дейін айыппұл қарастырылған.

Айта кетейік, бүгінгі күні ҚР Қаржылық мониторинг агенттігімен жалған вакцинация паспортын жасаудың 21 дерегі анықталған. Сондай-ақ республика бойынша 82 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың 23-медицина қызметкерлері, 6 — делдалдар және 53-тұлға жалған вакцинация паспортын пайдаланушылар.