Заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

60

Еңбекші ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларында заңсыз құрылыс бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен бірлесе ұйымдастырылған іс-шарада Теріскей шағынауданы №49 үй алдында заңсыз тұрғызылған жеңіл конструкциялы құрылыс нысаны анықталды.

Тиісті түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде заңсыз деп танылған құрылыс нысаны алынып тасталды. Сондай-ақ сала жауаптылары шаһар тұрғындарын, жеке кәсіпкерлерді абаттандыру қағидасын бұзбауға шақырады.

Мөлдір Ибадуллаева