Жамбылдағы жарылыс: Қаза тапқандардың несиесі кешірілді

72

Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыстан қаза тапқан азаматтар мен олардың жұбайларының қарызы кешірілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

Аймақ басшысының сөзінше, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі облыс әкімдігімен, банктермен және өзге де қаржылық ұйымдармен бірлесіп, Байзақ ауданындағы жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларының борыштық жүктемесін азайту жөнінде шаралар қабылдаған.

Бердібек Сапрбаевтың айтуынша, жергілікті билік бұдан өзге де көмек көрсету шараларын қолға алыпты.

 Мөлдір Ибадуллаева