Бұл «Асар» шағынауданы. 28 мыңға жуық халқы бар бұл аудан 2009 жылы «Нұрлы көш» бағдарламасы арқылы іргетасы қаланды. Жергілікті халықтың 98 пайызы ата жұртын аңсап келген қандастарымыз. 10 жыл бұрын мына аумақ иен дала еді. Ал қазір ауқымды алып қалашыққа айналған.