Салт – дәстүрге бай қазақ халқы қыз жасауына аса мән берген. «Алты жастан бастап жинасаң асады, жеті жастан бастап жинасаң жетеді» деген мағынамен қыз бала туыла салысымен оның жасауына қамданған халықпыз.

Бүгінде қыз жасауы деген самсап тұр. Салт-дәстүрге, игіліктерге қаншалықты мән беріп жүрміз? Жастықтағы оюларымыз не дейді? Біздің оюларымызға дейін ой айтатын халықпыз ғой. Сондықтан бүгінгі хабарымызда осыған мән бермекпіз…