Экс-депутат Түркістан қаласындағы мейрамханада төбелес шығарды

167
фото tengrinews.kz

17 қазан күні түнгі сағат 1.00 шамасында Түркістан ҚПБ-ның 102 пультіне хабарласып, көңіл көтеру орнының қызметкерлері көмек сұрады.

Бірден оқиға орнына полиция жасағы шықты. Келген бойда тәртіп сақшылары жергілікті тұрғын ер адамның төлем жасаудан бас тартып, жанжал шығарғанын анықтады.

Құқық бұзушы, яғни ер азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық жайтымен әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар сотқа жіберіледі.

Сондай-ақ ер адамның бұрын қалалық мәслихаттың депутаты болғандығы және ағымдағы жылдың наурыз айында өкілеттігін тоқтатқаны анықталды.