Жыл басынан бері республикада 17 мыңнан астам компания жұмысын тоқтатқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35 пайызға көп.

Жабылған фирмалардың жартысы пандемияның кесірінен банкрот болған. Олардың 6 мыңға жуығы сауда саласында, 2 мыңнан астамы құрылыс, 800-ге жуығы өңдеу өнеркәсібі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, жылжымайтын мүлік, сақтандыру, білім салаларында қызмет көрсеткен.

Айта кетерлігі қаржы қиындығына байланысты кәсібін тоқтатқан бизнесмендер жұмысшыларына миллиондаған ақша берешек.

Шынар Оразова