500-ге жуық адам тұрақты жұмысқа жолдама алды

140

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырған “Бос жұмыс орындары” жәрмеңкесі өтті. 29-30 қыркүйек күндері болған жәрмеңке Шымкент қаласының Еңбекші, Қаратау, Абай, Әл-Фараби аудандарының алыс елді мекендерінде ұйымдастырылды.

Мұнда 2000-нан астам бос жұмыс орындары ұсынылған. Шалғай елді — мекендердің тұрғындарына екі күн бойы мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі түсіндірілді.

Сондай-ақ, мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз жастарға «Алғашқы жұмыс орны» жобасы насихатталды. Жәрмеңке нәтижесінде 478 адам тұрақты жұмысқа жолдама алған.

Гүлдана Дәурен