Алкоголь өнімдері тек қағаз маркалармен таңбаланады

19

Алкоголь өнімдері тек қағаз маркалармен ғана таңбаланады. Кірістер комитеті Үкіметте өткен кеңесте осындай шешім қабылданғанын хабарлады.

Бұған дейін заңсыз трафикпен күресу үшін цифрлық таңбалау пилоттық жоба ретінде іске асырылған. Алайда бизнес өкілдерінен түскен талап-өтініштерге байланысты алкоголь өнімдері тек қағаз маркалар арқылы есепке алынады.

Ал таңбаланған темекі өнімдерімен бөлшек сауда жасайтын дүкендер үшін жұмыс жеңілдейді.

Шынар Оразова