АҚШ-та бюджет бекітілмегендіктен, федералдық үкімет жабылуы мүмкін

41

Америкалық саясаткерлер үкіметті қаржыландыру мәселесінде әлі дауласып жатыр. Егер Сенаттағы демократтар мен республикалықтар жергілікті уақытпен бейсенбі күні түнгі сағат 12-ге дейін келісе алмаса, федералдық мекемелерді жартылай жабуға тура келеді.

Соның нәтижесінде жүздеген мың мемлекеттік қызметкер ақысыз демалысқа кетуге мәжбүр болады. Тек қауіпсіздік, энергетика, авиадиспетчерлер тәрізді аса маңызды салалар ғана қызметін жалғастырады.

Алдағы жыл бюджетінің әлі қабылданбауына бүгінде 28 триллион долларға жеткен мемлекеттік қарыздың үстіне тағы қарыз алу мәселесіндегі дау себепші. Егер ертеңге дейін басты қаржылық құжат мақұлданбаса, Құрама Штаттар қазанның 15-і мен қарашаның 4-і аралығында борыш қайтаруға дәрменсіз деп те жарияланады.

Бұндай дефольттан кейін Америкамен байланыстағы әлем экономикасы үлкен хаосқа душар болады деген болжам бар.

Шынар Оразова