Арыс қаласының тұрғынынан 1,5 келіден астам есірткі тәркіленді. Қылмыстық факт «Қарасора-2021», «Рефлекс-2021» жедел-профилактикалық шараларының нәтижесінде анықталған.

Бүгінде күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу тексеру амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, өңірде есірткіге қарсы күрес шараларының нәтижесінде 2021 жылдың 9 айында есірткіге қатысты 162 қылмыс пен 161 есірткі теріс қылықтары анықталды.

Бауыржан Жанетов, ТО ПД Есірткі қылмысан қарсы іс-қимыл басқармасының бөлімше бастығы:  «Қарасора-2021», «Рефлекс-2021» жедел -профилактикалық іс-шара жүргізу барысында Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғыны ұсталып отыр күдікті ретінде. Ол азаматтың жанынан пакетке оралған қорапшадан 3 дана және өзінің қалтасынан 1 дана полиэтилен пакетке оралған есірткі затына ұқсас айғақты зат тәркіленіп алынды».

Диана Біржанова