Бақытжан Алдияр

430

Бақытжан Алдияр, ақын: «Осы таулардың аты Кекілік сеңгір, аты керемет енді. Мынау төменде тұрған Ақбұлақ деген өзен. Бұл таудың әр тасы маған таныс, ал бұл ауылдың  әр итіне мен таныспын. Адам кейде жабығады, жалығады, қамығады. Өмір ғой енді. Сол кезде менің келетін бір жерім бар. 70 шақырым қаладан келем де биік жерге шығып, ауылға қарап отырамын. Екі сағаттай отырып, қайтамын. Осы ауыл маған сондай ыстық».