Бақытжан Позилов: «Індет кез-келген уақытта өршуі ықтимал»

87

Шымкентте эпид ахуал тұрақталып келеді. Бұл туралы мегаполистің бас дәрігері Бақытжан Позилов баспасөз брифингінде мәлімдеді. Пандемия кезінде 30 стационар жұмыс істеген болса, бүгінде оның 23-і жабылған. Алайда денсаулық сақтау басқармасының басшысы вирус кез-келген уақытта өршуі мүмкін екенін ескертті.

Шымкентте індеттің ілмегіне іліккен 24 мектеп оқушысы ем қабылдауда. Алайда, алаңдауға себеп жоқ, өйткені олар аурудан тез айығып жатқан көрінеді. Қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының айтуынша, бұған дейін балалар арасында жан сақтау бөліміне түскен жағдай тіркелмеген.

Сондай-ақ, Бақытжан Позилов мегаполистегі эпидахуал тұрақталуына байланысты 23 стационар, яғни 2977 төсек орын жабылғанын жеткізді. Бірақ, арқаны кеңге салуға әлі ерте, дейді.

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Эпиджағдай тұрақталды деп біз алаңдатушылықты төмендетпеуіміз керек. Кез-келген уақытта эпидемиологиялық талаптарды сақтаайтын болсақ, бетпердені тақпайтын болсақ, адамдардың көп шоғырланатын жеріне баратын болсақ, антисептикті пайдаланбасақ, ашық қосымшасын қолданбасақ көз-келген уақытта эпид жағдай өршіп кетуі мүмкін».

Вакцинацияланған азаматтар ауруханада 3 күннен артық болмайды. Осылай деген Шымкенттің бас дәрігері екпе ектіргендер ковидтан тез жазылып жатыр дейді. Әрі олардың үлесі аз екенін жеткізді. Мәселен, жыл басынан бері үшінші мегаполиста 34 811 адам тәжвирус жұқтырған болса, оның 0,1 пайызы ғана антидот қабылдаған екен.

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Бір жасты алатын болсақ мысалыға. Екі алпыстағы азамат ауруханаға түсетін болса, вакцина салған мен салмаған. Ол екеуінде клиникалық симтомдар екі түрлі болады. Вакцина салмағандардың өкпесінің зақымдалуы өте тез дамиды. Өте тез реанимацияға түсіп қалады. Тыныс жетімсіздігі өте тез дамиды. Ал вакцина салған азамат сол жастағы екі үші күн ғана жатады. Тұмау сияқты шығып кетіп жатыр».

Айта кетейік, қазіргі таңда мегаполисте 1136 науқас емделіп жатыр, оның 730-ы үй жағдайында ем қабылдаса, 406-ы стационарға жатқызылған. Ал өткен тәулікте Кви жұқтырған 68 адам анықталды.

Мөлдір Ибадуллаева