Батыс Қазақстанда сүт өнімдерін тұтынушыларға поштамен тегін жіберуге болады

214

Ауыл шаруашылығы өнімдерін поштамен тегін жіберуге болады. Батыс Қазақстан облысында осындай пилоттық жоба жүзеге асып жатыр. Мал бағып күнелтіп отырған тұрғындар ет пен сүт өнімдерін қалаға немесе өзге елді мекендерге оңай сата алады.

Жергілікті билік жаңа жоба арқылы жұмыссыз отбасыларға қолдау көрсетуді көздеген. Әзірге тегін қызмет түрін Тасқала мен Бәйтерек аудандарының шаруалары пайдаланып отыр. Әкімдік енді бұл бағытта бюджеттен қаражат қарастыруды жоспарлап отыр.

Амангелді ауылының тұрғыны Жадыра Владимирова: «ауылшаруашылық тағамдарын таксилер арқылы қалаға жіберетін едік. Енді соңғы екі айда термобокс арқылы поштаға барып, салып жібереміз. Майды тоңазытқышқа салып, оны қатырып қоямыз ол сол күйінде жазғы мезгілде белгілі мекен-жайға 24 сағаттың ішінде жеткізіледі», дейді.

Шынар Оразова