Бақытты өмір туралы ертегі қорқынышты соғыспен, бомбалық жарылыстармен және шығынмен шындыққа айналды. Өмірлік жарымен бірге деструктивті ұйымның ықпалына түскен қазақ әйелі Сириядағы өмірі мен елге қалай оралғандығы туралы айтып берді.

Атын өзгертуді сұраған Регинаның айтуынша, оның өмірі жайлы фильм түсірген адам Оскар жүлдесін алады. Ол алғашында өз сүйіктісімен бірге білім алу мақсатында Түркияға жол тартқан. Ал онда Сирияға барамыз шешім қабылдапты

Регина: «Біз үйлендік және Түркияда оқуды жалғастыруға шешім қабылдадық, ол бәрі жақсы болады деп уәде берді. Түркияда мен Сирияға кететінімізді білдім, бұл мені таң қалдырды. Бірақ мен ештеңе істей алмадым. Мен өзім және отбасым үшін қорқатынмын. Қазір мен мұны ештеңе жасамас едім».

Көп ұзамай Регинаның күйеуі мерт болады. Ол тіпті жарының мәйітін де көрмепті. Тек әлдекімдер қайтыс болғанын ғана естірткен көрінеді. Осыдан кейін ол жалғызбасты әйелдерге арналған қалашыққа көшеді.

Регина: «Олар маған бірнеше рет үйленуге тырысты, әйелдер келіп, күйеулерінің әйелдерін таңдайды. Мен бірден айттым-жоқ деп. Бізді тамақтандырды, киіндірді. Мұндай жағдайды дұшпаныма да тілемес едім. Мен аздап жындана бастадым».

Қатты шайқастан кейін Регина мен ондаған әйел арнайы лагерьге жеткізілді. Ол Қазақстантаннан барған «Жусан» операциясын жүзеге асырушылардың арқасында елге оралды. Қазір Регина қалыпты өмір сүру үшін бар күшін салып жатыр. Сондай-ақ ол халықты жат діннің ағымында кетпеуге шақырады.

Мөлдір Ибадуллаева