Шымкентте бір айға жуық жалғасқан Діни конфессия өкілдері арасында өткізілген спартакиада өз мәресіне жетті. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған жарыс спорттың үш түрінен өтті: футбол, үстел тенисі және шахмат. Аламан спорт кешенінде жарыстың жүлдегерлеріне бағалы сыйлық пен дипломдар табысталды.

Мұрат Жолдықожаев, Шымкент қалалық мәслихат депутаты: «Басқа қала, басқа өңірлерде жарыс 1 күн, 2 күнде өтіп жатыр. Ал Шымкентте 1 айдан астам уақытта өтті спартакиада. Қаламызда 260 мың жас азамат бар, яғни 26 пайызы болашақ жастар. Сондықтан жастарды спортқа баулу, нашақорлықтың алдын алу мақсатында жақсы іс-шараның куәсі болып отырмыз».

Әлихан Файзханов