Елімізде ай сайынғы дизель отынына сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 140 мың тоннаға артқан. Сондықтан Ресейден қосымша дизель отынын сатып алуға келісім жасалды.
Бұл туралы Атырауға барып, мұнай-газ кешені қызметкерлерімен кездескен Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты. Атырау мұнай өңдеу зауытында жыл басынан бері 935 738 тонна бензин, 1 млн 200 мың тоннаға жуық дизель отынын өнідірілген.
«Дизельдің тапшылғына басты себептің бірі — отын құны көрші елдерге қарағанда төмен», — деді министр.
Шынар Оразова