Ел бойынша 2 804 адам COVID-19-ды жеңіп шықты

32

Елімізде өткен тәулікте 1 896 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 55-і Шымкентте, 38-і Түркістан облысында тіркелген. Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 2 804-ке жетіп отыр. Оның 56-ы Шымкенттік тұрғындар. Ал, Түркістан облысынан 32 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында.

8 қазандағы жағдай бойынша елде 54 850 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 9 469 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 45 381-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 717 адамның жағдайы ауыр, ал 207 пациенттің халі өте ауыр. 136 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 7 810 611 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 6 828 545 адам салдырды.

Ал Шымкентте 534 045 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 447 178-і алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 907 793, II компонентін 776 726 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ, Шымкент қаласы сары, Түркістан облысы жасыл аймақта.

Мөлдір Ибадуллаева