Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 7 947 201 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 7 022 361 адам салдырды. Ал Шымкентте 537 014 тұрғын екпе қабылдаған.

Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 467 742-і алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 933 149, II компонентін 814 758 адам салдырған.

Сондай-ақ, өткен тәулікте 1 985 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның 81-і Шымкентте, 45-і Түркістан облысында тіркелген. Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 1 895-ке жетіп отыр. Оның 126-ы Шымкенттік тұрғындар. Ал, Түркістан облысынан 81 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында.

14 қазандағы жағдай бойынша елде 53 289 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 9 150 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 44 139-ы амбулаториялық деңгейде емделуде.

Сала жауаптыларының айтуынша, 669 адамның жағдайы ауыр, ал 194 пациенттің халі өте ауыр. 130 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.

Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы «жасыл» белдеуде. Ал «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Мөлдір Ибадуллаева