«Елбасы жолы» экспедициясы Түркістанға келді

105

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Елбасы жолы» экспедициясы Түркістан қаласына ат басын бұрды. Экспедицияның мақсаты – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шығармашылық және саяси жолын кеңінен насихаттау ,көшбасшының өмірінен сыр шертетін маңызды орындарды аралау.

Экспедиция құрамына «Ел Үміті» бастамасының ең үздік жастары енгізілген. Облыс орталығына жиналғандар 14-29 жас аралығындағы «Елбасы медалі» жобасының қатысушыларымен кездесті.

Назерке Іңкәш, «Елбасы медалі» жобасының қатысушы: «Елбасы медалі жобасы мен үшін табыстың 7 жолын бағыттайтын, сонымен қатар жастарға керемет болашақ құру үшін және де ел үмітін ақтау үшін өзінің мүмкіндігін беретін керемет тың жобалардың бірі десем болады. Мен өзім қазір қола деңгейі бойынша қатыстым. Енді осы деңгейді аяқтап жатырмын. Көптеген жетістіктерге жеттім деп айта аламын».

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша 276 білімді жас «Елбасы медалі» жобасынан қола медаль алды. Биыл 54 медаль иегеріне мемлекеттік білім гранты берілді. Қазір өңірде 565 жас жобаға қатысып жатыр. Олардың 222-і қола деңгейді, 17-і күміс деңгейді аяқтауға үміткер болып тұр.

Әлихан Файзханов