Елімізде мұнай өндірісі азаюы мүмкін

138

«2025 жылға қарай елімізде мұнай өндірісі азаюы мүмкін. Әсіресе,Маңғыстау облысындағы кен орындары сарқылуға жақын»,- дейді Энергетика министрі.

Сондықтан, Мағзұм Мырзағалиев ресейлік компаниямен бірге жаңа кен орындарын игеру көзделіп отырғанын жеткізді. Айтуынша, көгілдір отын мен қара алтын өндіруде облыстың әлеуеті әлі толық пайдаланылмаған.

Жаңа теңіз жобалары, атап айтқанда Хазар және Қаламқас — теңіз кен орындарын игерудің арқасында 2028 жылдан бастап өндірісті 19 млн. тоннаға дейін арттыруға болады,- дейді. Сондай-ақ, өзге кен орындарында жұмысты жандандыра түсу үшін франциялық компаниядан миллиардтаған инвестиция тарту көзделген.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрі:
Министрлік Total компаниясымен Доңға кен орыны бойынша өнімді бөлу бойынша шарттың мерзімін 2024 жылдан 2039 жылға дейін ұзартты. Есесіне Тотал компаниясы 2021-2025 жылдары шамамен 70 миллиард теңге инвестиция құяды. Нәтижесінде компания мұнай өндіру деңгейін 25 пайызға арттыруды қамтамасыз етеді.