800 тонна азық-түлікті елімізге заңсыз кіргізбек болған. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Мемлекеттік инспекторлар шекарада соңғы аптада 70-тен астам өрескел заңбұзушылық анықтады.

Оның барлығы фитосанитариялық ережелердің сақталмауына қатысты. Яғни, кәсіпкерлер елімізге бұзылған жеміс-жидектер мен көкөністерді кігізбек болған.

Мәселен, Ресей Федерациясынан жеткізілген 743 тонна картоп, қызанақ, қияр, бұрыш пен қызылша секілді өнімдердің талапқа сай келмейтіні анықталған. Сондай-ақ, Қырғызстан, Ауғанстан, Өзбекстан және Түркиядан әкелінген алма, кептірілген өрік, жүзім мен құрмалардың санитарлық сертификаттары болмаған.

Бұл тауарларды ел аумағына кіргізбек болғандарға 4 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.

Шынар Оразова