«Іскер қала» бағдарламасы бекітілді

190

Қала әкімінің қаулысы бойынша «Іскер Қала» атты бағдарлама бекітілді. Мақсат — қаладағы өндіріс саласы бойынша тоқтап тұрған бос ғимараттардың ішінде өндірістік парктер құру.

Айтулы жобаға қатысу үшін қаладағы «Бизнеске арналған үкіметтің» фронт-офисіне келу қажет. Кәсіпкерлердің арызы өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралады. Бұл шараға қатысушылардың өндіріс орындарын жалға алу мәселесінің бір бөлігін өтеу жоспарланып отыр.

Үміткерлерге бірінші жылы — 75%, екінші жылы — 50 %, үшінші жылы — 25 % жалға алу шығындарын өтеу қарастырылған.

Диана Біржанова