«Өртеп жіберемін»: Сағатқа таласқан педагогтар ұятқа қалды

234

«Мұғалімдерді өртеп жіберемін» деп қорқытқан мектеп директорының орынбасары ұстаздарға бұған дейін де қоққан-лоққы көрсеткен. Осылай деген мектеп директоры бір-біріне сөмке лақтырған ұстаздар жанжалын тоқтата алмағанын айтады.

«Мұғалімдерді өртеп жіберемін» деп қорқытқан мектеп директорының орынбасары ұстаздарға бұған дейін де қоққан-лоққы көрсеткен. Осылай деп ағынан жарылған сол мектептің директоры бір-біріне сөмке лақтырған ұстаздар жанжалын тоқтата алмадым дейді.

Бір-біріне сөмке лақтырып, сес көрсеткен бұл ұстаздар Түркістан облысы, Шардара ауданындағы Төлеген Айбергенов мектеп директор орынбасары мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Сағатқа таласқан оларды мектеп директоры «ажырата алмадым» дейді.

Мырзабек Қаныбеков, Шардара ауданындағы Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназияның директоры: «Мен және тағы бір жігіт болды. Екеуміз ажыраттық. Басу айттық. Жат қылық екенін түсіндіріп тұрмыз. Бірақ, олар тыңдамайды. Биология пәнінің мұғалімі. Ол кісі келіп отырған. Жаңағы оқу ісінің меңгерушісінің тарапынан маған қоқан лоққы жасалды бірінші ауысымда».

Белгілі болғандай оқу ісінің меңгерушісі Райгүл Мұсалиева ағылшын тілі пәнінің мұғалімін ғана емес, биологиядан сабақ беретін ұстазға да доқ көрсеткен. Бір жиналысқа бірдей келген олардың арасындағы дау полицияның араласуымен аяқталды.

«Шардара аудандының адами әлеуетті дамыту бөлімі «Қазіргі таңда, Шардара аудандық полиция бөліміне № 215164031000248 санымен тіркеліп, әкімшілік іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 05.10.2021 жыл күні Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясының Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы өткізілді»

Білім ұясында бір-біріне қол сермеген ұстаздар сол баяғыша мектепте сабақ беріп жүр. Мектеп директорының сөзінше олар әлі татуласпаған. Полицияға бір-бірінің үстінен арыз жазып қалдырған екен.

Гүлдана Дәурен