Пандемияға қарсы қабылданған шаралар індеттің бетін қайтарды. Алайда, бюджеттен бөлінген қаржының тиімсіз пайдаланылғаны анықталды.
Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен Президент жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында айтылды.
Індетпен күресу үшін қазынадан қомақты қаражат бөлінген. Бұл ақша негізінен науқастарды емдеу мен медициналық құрал-жабдықтар алуға және дәрігерлердің жалақысына үстемақы қосуға бағытталды.
Осы ретте қаржы министрлігі медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу барысында бірқатар заңсыздықтар орын алғанын әшкереледі.
Шынар Оразова