Петропавлда көмір тапшы. Қоймаларда таңсәріден кезекке тұрған жүк көліктерінің жүргізушілері үйлеріне бос қайтып жатыр. Қатты отынның бағасы да шарықтап тұр.
Сапасына қарай тоннасы 9-15 мың теңге аралығында саудалануда. Қызылжар өңірін Екібастұз, Майқұба, Қаражыра мен Шұбаркөл сынды кен орындары көмірмен қамтамасыз етеді.
Шынар Оразова