Тергеу барысында полиция қызметкерлері 1996 жылы туылған күдікті азаматшаны анықтап, бөлімшеге әкелді.

Еске салсақ, 18 қазанда Шымкент полициясына Т. Рысқұлов көшесіндегі қоқыс жәшіктерін тазалау кезінде «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-і қызметкерінен кіндігі кесілмеген жаңа туған нәрестенің мәйіті бар пакетті тапқаны туралы хабарлама түскен.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Нәрестенің денесі сот -медициналық сараптамаға жіберілді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 -бабына сәйкес тергеу құпиясын сақтау және қамтамасыз ету мақсатында басқа ақпарат жария етілмейді.