Қашаған кен орнында мұнай өндірісі тоқтатылмақ. Өйткені кәсіпорынға күрделі жөндеу қажет.

Ол келер жылға жоспарланып отыр. Қара алтын өндіріп жатқан консорциумның хабарлауынша судағы және жердегі қондырғылар тозған. Кейбірін ауыстырып, біразын жөндемек.

Өндіріс бір айға тоқтайтындықтан қажетті қор жиналатынын да жеткізді. Ал мұнай арзандай бастады. Баррелі 82 долларға жеткен қара алтын қазір 80 доллардан сатылып жатыр. Бұған АҚШ-та мұнай қорының ұлғаюы себеп.

Шынар Оразова