Қазақстанның сыртқы қарызы көбейіп жатыр

220

Еліміздің сыртқы қарызы көбейіп жатыр. Ұлттық банктің мәліметі бойынша Қазақстан сыртқа 166 миллиард 700 миллион доллар берешек. Бұл былтырмен салыстырғанда 4,3 пайызға, яғни, 6 миллиард 700 миллионға көп.

Ал ең көбі Нидерландыға берешекпіз- 44 миллиард доллар. Одан кейін Ұлыбриятания – 23, АҚШ – 13, Франция – 11 және халықаралық ұйымдарға 11 миллиард доллар қарызбыз.

Ұлттық банктің хабарлауынша берешектің көп бөлігі жеке ұйымдарға тиесілі. Талап бойынша ол да мемлекеттік қарыз болып саналады.

Шынар Оразова