Құмар ойын ұйымдастыратын компаниялардың табысы 35 млрд. теңгеден асқан

82

Елімізде құмар ойын ұйымдастаратын компаниялардың табысы 35 миллиард теңгеден асып, рекордтық көрсеткішке жетті. Energyprom-ның зерттеу нәтижесіне сәйкес, бұл 2020-ның осы кезімен салыстырғанда 4,5 есе көп.

Былтыр пандемия кезінде де букмекерлік кеңселер мен құмар ойын өткізетен компаниялардың табысы 6 есе көбейген болатын. Биыл құмар ойынға қызығушылар тағы артқан.

Сарапшылар бұған коронавирустың кесірінен карантиндік шектеулердің енгізілуі себеп дейді. Ал ұтыс тігушілердің көшін алматылықтар бастап тұр. Олардан Алматы облысы мен Нұр-Сұлтан тұрғындары да қалыспайды.

Шынар Оразова