Қытайдан келетін тауарлар қымбаттап жатыр

85

Қытайдан келетін тауарлар қымбаттап жатыр. Алматылық кәсіпкерлер көрші елден тапсырыс берген тауарларын бірнеше айдан бері елге жеткізе алмай отыр.

Дүкендерінде тауар қоры таусылуға шақ қалған. Сондықтан бағаны көтеруге мәжбүр болдық дейді олар. Кәсіпкерлердің кірісі 50 процентке дейін азайған.

Бұған дейін депутаттар Қытаймен арадағы шекара жабылған соң елдегі кәсіпкерлер 170 млрд. теңге шығынға батқанын айтты. Алайда Қытаймен Қазақстан арқылы Еуропаға транзит ашық тұр.

Шынар Оразова