Сайрам: Балалар қалай тамақтанып жүр?

152

 Өңірдегі мектеп асханаларындағы буфеттер оқушыларға зиянды тағамдарды сатып, санитарлық талаптарды сақтамай жұмыс істеуде. Мұндай жағдайлар Сайрам өңірінің мектептерінде де баршылық. Мұнымен қоса тозығы жеткен мектептердің тазалық деңгейі көңіл көншітпейді.

Бұл мектепте карантиндік талаптар толықтай сақталған. Оқушылар мектепке тек санитарлық талаптарға статусы сай болғанда ғана кіре алады. Дегенмен аталған мектеп асханасында ашылған буфетте оқушыларға тыйым салынған тауарлар сатылып жатыр.

Мектеп асханасының бүгінгі мәзірінде – борщ пен сәбіз салаты. Әдетте оқушылар осындай тағамдармен тамақтанады. Бірақ буфет сөрелерінде неліктен газды сусындар мен құрт секілді заттардың сатылымда тұрғанын ешкім түсіндіріп бермеді.

Ал бұл мектепте 800-ден астам оқушы білім алады. Мектеп ғимаратының ішінде дәретхана деген атымен жоқ. Сондықтан балалар аулада орналасқан дәретханаға баруға мәжбүр.

Балаларға медициналық көмек көрсететін кабинеттің жағдайы осы. Айта кетейік, бұл кабинет 1980 жылдары бой көтерген мектеп ғимаратында орналасқан.

Түсірілім барысында, мектепке әкімдіктің өкілдері келіп, балалардың қандай жағдайда оқуға мәжбүр екендігін көрді.

Білім мекемелеріндегі аталған мәселер қашан шешім табатынын ешкім нақты айтпады. Сондықтан мектептегі асхана мәселесінің де қашан шешілері белгісіз.

Диана Біржанова