Ағымдағы жылдың 6 айында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 340 305 адамды құрады. Бұл қала тұрғындарының жалпы санының 31,2 %-ы.
Осылай деген қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,6 %-ға артқанын атап өтті.
Мегаполистің 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасындағы «Халықтың 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз етілуі» нысаналы индикаторына сәйкес, биыл 25,1 %-ға жеткізу жоспарланған екен.
Қазіргі уақытта Нұрсәт шағынауданы орналасқан спорт кешені пайдалануға беріліп, бұл көрсеткіш 25,4 %-ға жетіпті.
Мөлдір Ибадуллаева