Шымкентте Центркредит банкінің 6-шы бөлімшесі ашылды. «Нұрсәт» мөлтекауданында бой көтерген орталықтың ашылу салтанатына мегаполис әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қатысты. Жаңа филилалдың алғашқы клиенті болған шенеунік оның жұмысына қандай баға берді? Жалпы бұл банктің тиімділігі неде?
«Банксіз ешқандай бизнес дамымайды». Осылай деген Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Центркредит банкінің жаңа бөлімшесі тұрғындарға қолжетімді болатынына сенімді. Әрі бұл мекеме азаматтарды жұмыспен қамтып отырғанын алға тартты. Сондай-ақ, әкім орынбасары жаңа орталықтың алғашқы клиенті болып, IronCard картасын аштырды.
Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Мен мына IronCard деген туралы көп естігенмін Центркредиттің. Мен өзімнің жұбайымда да сол карта бар. Сол қол тимей жүрген. Келіп бір рәсімдеуге. Бүгін сәті түсіп банктің ашылғанын пайдаланып келген соң сосын рәсімдей салайын дедім».
17 грамм металдан тұратын бұл карта 4 пайызға дейін кэшбек береді екен. Әрі банк басшыларының айтуынша, әлемнің 1200-ден аэропортында вип арқылы тегін өтуге мүмкіндік бар.
Центркредит банкі 1988 жылдан бері халық игілігі үшін жұмыс істеп келеді. Қашанда жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге дайынбыз деген олар барша қала тұрғындарын жаңа бөлімшеге келіп, сапалы түрде банк қызметін алуға шақырды. Сөздерінше филиал ішінде келушілерге арнайы жағдай жасалған. Әрі карталардың да тиімділі орасан дейді.
Абзал Оңалбеков, «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Шымкент қалалық филиалының директоры: «6 жастан зейнетке дейінгі барлық карточканың түрі бар. 6 жастан 16-ға дейін жунеркарта, одан кейін картакарта, бизнесмендерге бизнескарт бар. Айрн карт, саяхат жасайтындарға травелкартымыз бар. Және де біз тұрғындарға ипатекалық заимдар. Банктің шешімі 40 минут ішінде қабылданады. Ешқандай артық документ керегі жоқ. Тек жеке күәлігі болса болды».
Айта кетейік, Центркредит банкі дүйсенбі мен жұма аралығында таңғы сағат 09:00 мен 18:00-ге дейін, ал сенбі күні 9: 00 мен 16:00 ге аралығында жұмыс істейді.
Мөлдір Ибадуллаева