«Астана Моторс» компаниясы Шымкентте Hyundai Otyrar дилерлік орталығын ашты. Жаңа автоорталықта көлік алу мүмкіндігінен бөлек, сервистік қызмет көрсетіліп, түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен аксессуарлар алуға болады.
Он айдың ішінде салынған дилерлік орталықтың жобасына «Астана Моторс» компаниясы 1,5 миллиард теңге жұмсаған. Бұл компанияның Қазақстан бойынша отызыншы дилері. Тұтынушылар мұнда қызметтің барлық түрін табады.
«Астана Моторс» Қазақстанның автомобиль саласындағы ірі салық төлеушілердің бірі. 2021 жылдың 9 айында компания ел бюджетіне 50,8 млрд. теңге салық төлепті. Hyundai Otyrar да қала экономикасына ықпалы оң болады дейді шараға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Саттыбаев:
Жалпы, «Астана Моторс» компаниясы 2022 жылға дейін Шымкентте тағы бірнеше автоорталық салуды жоспарлап отыр. Олардың арасында BMW, HYUNDAI дилерлік орталығы және Mycar көпфунционалды орталығы бар. Ал, әзірге HYUNDAI көліктерін Бәйтереков көшесі, 6а «Hyundai Otyrar» дилерлік орталығынан сатып алуға болады.