Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, «Крыша.кз» әлеуметтік желі парақшасы арқылы пәтер алып тұру мақсатында жарнамада тұрған пәтерлердің бірін, белгісіз тұлғамен өзіне жалға алуға әлеуметтік желі арқылы келісіп, ақпараттық жүйені пайдалану арқылы 30.000 теңге ақшасын аударым жасатып, пәтерді бермей, ақшаны қайтармай жүргендігін жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, Еңбекші АПБ Криминалдық полиция бөлінімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген.
Нәтижесінде,Шымкент қаласының жергілікті тұрғыны анықталып, тергеу амалдарын жүргізу үшін басқармаға жеткізілді.

Осы орайда, тәртіп сақшылары тұрғындарға алаяқтардың құрбаны болмас үшін, бейтаныс азаматтармен қарым-қатынас барысында сақ болуын ескертеді. Егер, алаяқтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, «102» арнасына хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі