«Тазалық – өзімізден басталады». Осы атаумен басталған сенбілікке Шымкент тұрғындарына тәулік бойы үздіксіз қызмет ететін мекемелер атсалысты.

700-ге жуық коммуналдық қызметкерлер өздеріне қарасты барлық нысан аумағын тазалады. Сенбілік барысында саябақтардағы плафондар жуылып, мекемеге қарасты нысандардың қоршаулары ақталды.

Сондай-ақ, жарықтандыру бағаналарындағы бей-берекет ілінген электр сымдардан тазартылып, көше бойында орнатылған электр трансформаторларын сырлау жұмыстары жүргізілді.

Мөлдір Ибадуллаева