Ағымдағы жылдың 4-қазанынан бері Шымкент қаласында «Қару» жедел-профилактикалық іс шарасы аясында қару иелері, аңшы дүкендері және күзет агенттіктеріне тексеру жүргізіліп жатыр.
Бүгінге дейін 4797 қару иелері және 49 күзет агенттігі тексерілді. Нәтижесінде 76 құқықбұзушылық анықталып,13 қару және 1 оқ дәрі тәркіленіп алынды.
Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылуда. Ал, заңсыз айналымнан отты атыс қаруды, оның оқ-дәрілерін және суық қаруды алып жүрудің 11 жайты тіркелді.
Айта кетейік, «Қару» жедел-профилактикалық іс шарасы 2021 жылдың 4-қарашаға дейін жалғасады.
Жанерке Хумар