Шымкенттік тұрғынның ақшасын алдап алған алаяқ ұсталды

66

Ағымдағы жылдың 7 қазанында Абай ауданының полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол арызында, белгісіз тұлға мемлекет тарапынан берілетін мүгедек балаларға арналған жәрдемақының құжатын рәсімдеп беремін деп сеніміне кіріп, 50 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін жазған.

Абай аудандық полиция бөлімі Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғын ұсталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Қазіргі таңда тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, шымкенттік полицейлер тұрғындарды бейтаныс адамға сенбеуге шақырады.

Жанерке Хумар