Шымқала этноауылында»Бес қару» этно-фест жобасы бастау алды

247

«Ұлы Жібек жолы тарихындағы Шымкенттің ЮНЕСКО мәдени мұра жүйесіндегі орны мен рөлі» атты тақырыбында халықаралық кездесу өтті. Айтулы шара аясында қаладағы этноауылда өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға бағытталған «Бес қару фест» жобасы бастауын алды.

Батырлар институтын қайта жаңғырту, дамытуды мақсат еткен іс – шараға қатысушылар жауынгерлердің жекпе-жегі көрінісін тамашалады. Шымқала этно қалашығында бастау алған «Бес қару» фестивалі аясында арнайы семинарлар ұйымдастырылып, ғалымдар қазақ халқының батырлық бастауы, батырлар институты және дала демократиясы тақырыбында зерттеулерімен бөліседі.

3 күнге созылатын шараға еліміздің танымал тарихшы және этнолог ғалымдарынан бөлек көршілес қырғыз және өзбек елдерінің жыршылары этно фольклорлық әншілері арнайы шақырту алыпты.

Талантаалы Бакчиев, филология ғылымдарының докторы, профессор: «Дастандар өшпес мұра. «Алпамыс», «Қобыланды» эпостары сияқты. Ол халықты жігерлендіреді, рух береді».

«Ұлы Жібек жолы тарихындағы Шымкенттің ЮНЕСКО мәдени мұра жүйесіндегі орны мен рөлі» атты тақырыбында өткен халықаралық кездесуде бас қосқан қонақтар этноқалашықты аралап, қолөнер шебері, темірші Махмұд Құлмантегінің қойылған экспозицясымен танысуға мүмкіндік алды.

Фестивальдің соңғы күні жыршылар батырлар жырын жырлайды. Сонымен қатар, батырлық институтының қоғамдағы орны, халық арасында оны насихаттау жолын қалыптастыру және көрші елдердің ғалым, тарихшыларымен тәжірибе алмасу жайлы пікір талас өткізу де жоспарда бар.

Тамашалаймын деген жерлестерге Шымқала этноаулының есігі ашық. Шара қазанның 25 мен 27-і аралығнда өтеді,-дейді ұйымдастырушылар.

Шынар Оразова