Сүт безі обырын ерте диагностикалау бойынша ашық есік күні өтті

181

Түркістан облыстық онкологиялық ауруханада сүт безі обырын ерте диагностикалау бойынша ашық есік күні өтті. Шара аясында, Шымкентіктер мен қала қонақтары тегін тексерулерден өтіп, маммологтардан кеңес алуға мүкіндік алды. Ашық есік күні Дүниежүзілік сүт безі обыры айлығы аясында өтті.

Облыстық онкологиялық ауруханасында өткен ашық есік күніне қаладан және Түркістан облысынан әйелдер арнайы келіпті. 42 жастағы Гүлнұр Сихымбекова тегін тексеруден өтіп, дәрігер -маммологтың кеңесіне жүгінді.

Гүлнұр Сихымбаева, Шымкент қаласының тұрғыны: «Бүгін мен емханаға келдім, себебі мен кеше әпкемнен ақысыз УЗИ мен дәрігерлердің консультациясы болатынын білдім. Мен УЗИ-ден өттім, енді дәрігерге барамын. Маған бәрі ұнайды және өте жақсы көзқарас».

Тексеруден өтіп, сүт безі қатерлі ісігі жайлы көкейінде жүрген сұрақтарға маммологтан тұщымды жауап алған Мақсуда Исмаилова дәрігерлерге алғысын жеткізді

Сүт безінің қатерлі ісігі — бұл қатерлі патология, ол тіпті қыздарда да жиі кездесуде. Ашық есік күнінде онкомаммологтар — бұл қауіпті аурумен күрестің басты амалы денсаулықтағы өзгерістерге мұқият болу. Ерте диагностика және емдеу ісіктен толығымен құтылуға, сүт безінің эстетикалық тартымдылығын сақтауға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Рахим Абдурасулов, Түркістан облысының онкологиялық орталығының меңгерушісі: «Көбінесе сүт безінің қатерлі ісігі диагнозы гормоналды бұзылулар, жүйке жүйесінің бұзылуы, стресс, дұрыс емес өмір салты, дұрыс емес тамақтану, бәрі гормоналды бұзылуларға әкеледі және қатерсіз сипаттағы сүт бездерінің өзгеруіне әкеледі».

Сүт безінің қатерлі ісіктері тек әйелдерде ғана емес, ерлерде де кездеседі. Статистиканың төмендігіне қарамастан, бұл патология туралы білу қажет, өйткені уақытында анықтау мен терапия бұл дертті жеңуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні медицинада маммография, ультрадыбыстық зерттеу, МРТ, биопсия сияқты көптеген заманауи зерттеу әдістері бар — олардың көмегімен ісіктерді ерте кезеңде анықтауға болады, яғни олар ең құнды- өмірді құтқарады.

Шынар Оразова